Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы | Скачать Курстық жұмыс

Инвестиция түсінігі, түрлері және оларды ұйымдастыру

          
Инвестиция түсінігі, түрлері және оларды
ұйымдастыру

      Пол Хейне өзінің «Экономикалык
ойлау» еңбегінде инвестиция түсінігіне
анықтама берген: Жиынтық өндіріс тұрақсыздығы
мен пайданың тұрақсыздығы Кейнс бойынша
инвестициялық шығындардың мөлшері. Инвестиция
дегеніміз не екенін есімізге түсірейік.
Инвестициялау дегеніміз – бізге болашақта
пайда әкелетін игіліктерді сатып алу.
Сондықтан да, фирма өзіне қажет құрал-жабдықтарды
сатып алғанда инвестор болады. Инвестиция
өндірісті дамыту мен жаңарту процесіне
келетін шығындардан тұрады, ол жаңа технологияны
енгізумен байланысты.                                                      
Жинақ пен инвестиция арасында үлкен айырмашылық
бар:

1.    Жинақты 
тұтынушы, ал инвестицияны инвестор 
жүзеге асырады.

2.    Жинақ инвесторларға
өз мүддесін қорғайтын адамнан келеді.

Сонымен, инвестиция динамикасын 
анықтайтын факторлар:

— табыс.

— құрал көлемі

— салық салу

— инвестициялардан келетін 
пайда

Айта кететін жағдай инвестиция
денгейі қоғамның ұлттык табысының 
көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың
көптеген макро- пропорциялары инвестиция
қозғалысына тәуелді.                                                          
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы
ұдайы өндіріс процессін анықтайды. Инвестиция 
көзі – жинақ. Жинақты бір шаруашылық
агенті жүргізіп отырса, ал инвестицияны 
басқа адамдар немесе шаруашылық етуші
субъектілер жүргізуі мүмкін.

Инвестиция кандай факторларға 
тәуелді?

     Біріншіден, инвестиция
процесі құтылып отырған пайда нормасына
немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне
тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік
төмен болса , онда қаржыландыру жүзеге
аспайды.                            

     Екішіден, инвестор
шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының 
альтернативті мүмкіндіктерін есепке
алады  және  мұндағы  шешуші фактор
процент ставкасының денгейі. Егер процент
нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан
жоғары болса, инвестиция жузеге аспайды,
керісінше, егер процент нормасы күтіліп
отырған пайда нормасынан төмен болса,
кәсіпкерлер  күрделі қаржыны  іске
қосады. Процент нормасы, инвестициялар
мен   жинақтар арасындағы  өзара
байланысты графикпен былайша көрсетуге
болады.

    Үшіншіден, инвестиция
сол елдегі салық салу  деңгейіне 
тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы 
инвестицияны ынталандырмайды,  сонымен 
қатар салықтың қандай ставкасы жоғары
немесе төмен деп  үзілді-кесілді қарауға
болмайды.

      Инвестиция  (лат. Investire – киіндіру )
– табыс алу, меншікті капиталын молайту,
елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық
сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей
түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер
салатын инвестициялық қаражат.                                          
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі
бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық
активтерге ғана салынбайды, қаржылық
және бейматериалдық активтерге де салынады.
Инвестиция қаржы институттары, инновациялық,
әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай
да салынады. Инвестиция өзінің құрамы
жағынан біртекті емес. Инвестициялау
нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі
капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына,
рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай
негізгі капиталға салынатын инвестиция,
шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция
түрлеріне бөлінеді. 

    Негізгі капиталға
салынатын инвестиция – құрылысқа,
материалдық, бейматериалдық негізгі
капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға,
техникалық жағынан қайта жарақтандыруға,
күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға,
сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының
қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат.
Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына
үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар.
Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және
бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем
және әдеби шығармаларының түпнұсқалары,
жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға
салынған инвестиция елдің экономикалық
өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. 

    Шетелдік инвестиция
– шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция.
Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында,
сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік
алуына және ашық нарықтық экономиканың
қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция
объективті қажеттілікке айналып отыр.
Өтпелі кезеңде экономикалық  өрлеу
мен нарықтық реформаларды қаржыландыру
үшін елдің  ішкі қорланымдарының 
жеткіліксіздігі себепті, оның рөлі мен
мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға
тікелей шетелдік инвестиция ( яғни қаражаттарды
кәсіпорындардың немесе компаниялардың
жарғылық қорына не акцияларына салу),
қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ,
сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми
көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық
экономика жағдайында шетелдік инвестицияны
тарту  және пайдалану тек қаражаттың
ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың,
басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін
қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол
ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық
инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық
процестердің кеңеюіне, экономиканың
жекеше секторының қалыптасуына серпін
береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік
инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы
елдің шаруашылық қызметінде инвестордың
ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады
және сыртқы борышты қалыптастырмайды.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға
тартылған шетелдік инвестиция көлемі
бойынша көш бастап келеді. Қазақстан
шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында
да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың,
Қытайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және
басқа елдердің несие желілері ашылды.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы
борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен
бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі
еліміздің халықаралық инвестициялық
беделін көтерді.

    Қоржындық
инвестиция – ұзақ мерзімді борышқорлық
міндеттемелер мен бағалы қағаздарға
салынған қаражат, капиталға қатысуды
және салынған капиталға шаққанда табыс
алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада
капитал қорланымы мен халықтың жинақ
ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар
мен басқа да қаржы құралдары арқылы жанама
түрде өндірісті инвестициялауға қатысады.         

Читайте также:  Рейтинг брокеров — лучшие биржевые брокеры 2020

    Инвестицияның көзі болып жаңадан
қалыптасқан құн немесе таза табыстың
жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың
көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің
көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық  инвестиция өзінің пайдалану
мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді
болып бөлінеді.                                                                                     
Инвестиция  өзінің арналымы немесе
алынған мақсаты  бойынша: қаржылық 
және нақты болып
бөлінеді.

  1. Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық — өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады                   
  2. Қаржылық  инвестициялар- бұл субъектінің табыс алу мақсатында  пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар,роялитилер, дивиденттер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәмәлелердің нәтижесі). Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық иевестицияның бір түрі болып бағалы(құнды) қағаздар да саналады. Барлық  бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді- ақшалай және күрделі (капиталды)болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар ,әдетте қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа ) беріледі.

Қаржылық инвестициялар 
иелену мерзіміне қарай мынадай 
категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік
иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік
– иелену мерзімі бір жылдан артық;

     Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа,
ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа
да салаларындағы шаруашылық субъектісіне
мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты
түрінде , яғни капитал түрінде салынып
ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп
дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.

   Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда
бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды
, яғни капиталды қандай да бір өндірісті
дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте
, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе
басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу
болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған
процеспен екі фактор байланысты
болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі
– тәуекелдік .
Сонымен қатар инвестиция экономикалық
өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция экономикалық дамудың
жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың,
ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды
факторы болып саналады.                                                                                                     Инвестор – қор
нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар
болып табылады. Ұлттық инвестор
дегеніміз- Қазақстан Республикасында
инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз
– табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге
қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы
үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда,
қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе
іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына
дербес екі топқа бөлінеді:

— жеке инвесторлар 
(жеке адамдар).

— инстиуттандырылған 
инвесторлар (банктер , инвестициялық 
қорлар , зейнетақы қорлары , тағы 
басқалары).

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының
әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен
ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың
, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың
, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз
етудің жолдарын көрсететін шаруашылық
шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық
саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған
теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері
өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат
күрделі қаржыны, қорларды өндіретін ,
өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын
салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз
етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны
жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі
оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға,
қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске
жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын
өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты
қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Тікелей
инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының
қабылдаушы ел территориясында өндірісті
ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік
нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз
— тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға
айнала бастаған кезінде пайда болады.
Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде
тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары
капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала
бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған
жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге
сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар
өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын
көрсетеді. Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың
негізгісі мыналар :

Читайте также:  Иммиграция в ОАЭ и прибыльные инвестиции без риска. Что следует знать о рынке недвижимости Дубая? | InternationalWealth.info

1. Инвестициялаушы 
елдегі капиталдың мол қорлануы;

2. Дүниежүзілік 
шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі 
капиталға сұраныс пен ұсыныс 
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

3. Жергілікті 
рынокты монополизациялау мүмкіндігі;

4. Капитал экспортталатын 
елде арзан шикізат пен жұмысшы 
күшінің болуы;

5. Саяси тұрақтылықтың 
және қолайлы инвестициялық ахуал;

   Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші
субъектілер жүзеге асыратын табыс алу
және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы
қаражат жұмсалымы. Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар – сатып алуға,
құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге
және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың
жиынтығы болып табылады. 2002 жылы Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық қызметтің
нәтижесі- қаржы емес активтерге жұмсалған
1307.2 млрд. теңге инвестицияны игеру болды,
мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі
капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге
жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі
негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың
үлесі 84.2% құрады.

Экономиканы мемлекеттік 
реттеудегі негізгі инвестициялық 
бағыттар

    Республиканың әлеуметтік –
экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті
жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты
мәселелерін анықтауға себепші болады.
Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру
мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде
заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды
құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық
ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын
тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру
қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік
инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен
инвестицияларды басқарудың заң шығаратын
негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе
бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда.
Соның ішінде, “Шетел инвестициялары
туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру
қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан
Республикасының шетел инвестициялары
бойынша ұлттық агенттігін құру туралы
” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.);
“Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік
комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің
Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның
Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға
арналған инвестициялық бағдарламалар
қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық
процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс
орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту
, елдің өнеркәсіптік және техникалық
потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен
әртараптандыру саласында мемлекеттік
инвестициялық саясатты жүзеге асыру
мен көптеген экономикалық мәселелерді
шешудегі органдардың дұрыс жүйесін ,
олардың функциялары мен міндеттерін
анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті
жоспарының жорамалы бойынша отандық
пен шетел инвесторларының жеке капиталын
салудың басым бағыттарына төмендегілерді
жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің
, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының
, машина жасаудың , құрылыс материалдары
өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің
жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар
жүргізу. Орталықтандырылған капитал
салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің
құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар
шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде
жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

     Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық
дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен
оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ
,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге
асырудың стратегиясын құру мәселесі
шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау
мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады.
Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды
қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы
қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын
жобалардың сипаттамасы мен бағалануы
болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған
инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы
керек.   Бағдарламалау
кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген
мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына
өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына
(МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды
ұзарту бюджеттік процеске арналатын
таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына
негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі
шешімдер мынандай факторларды ескеруі
қажет: — бюджет орындалатын , макроэкономикалық
жағдай; — инвестициялар бойынша ұсыныстардың
нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық
аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды
(кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге
асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті
болып табылса, инвестициялық жобаларды
қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты
артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу
үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау
қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік
инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық
жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың
(жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау
және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын
қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы”
Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі-
инвестицияларды жүзеге асыру процесімен
байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

Инвестицияларды жіктеу

Дәстүрлі түрде барлық инвестицияларды белгілі бір өлшемдер бойынша жіктеуге болады: салымдар объектісі, инвестициялау субъектісінің меншік нысаны, инвестициялардың мерзімі, мақсаттары, сондай-ақ тәуекел деңгейі.

Маңызды! Инвестициялық тәуекелдер — табыстылықпен тығыз байланысты инвестициялаудың аса маңызды факторы. Тәуекел деңгейі инвестицияның және (немесе) салымдардан түсетін табыстың ықтимал жоғалу дәрежесін көрсетеді. Әдетте, жоғары пайдалы инвестициялар бір мезгілде тәуекел деңгейі орташадан жоғары салымдар болып табылады.

Читайте также:  Вклады физлиц проценты

Инвестициялық портфельдердің түрлері

Қаржылық инвестициялаумен айналысатын кәсіпорын жасаған портфельдер екі түрге жіктеледі:

  1. Инвестициялаудың негізгі мақсаттары бойынша.
  2. Инвестор үшін салым тәуекелдерінің рұқсат етілген деңгейі бойынша.

Өз кезегінде, инвестициялау мақсаттары бойынша қалыптастырылған портфельдер табыс портфеліне және өсу портфеліне бөлінеді.

Инвестициялық портфельді қалыптастыру

Барабар инвестициялық портфельді қалыптастыру үшін бірінші кезекте бағалы қағаздар нарығымен танысу және жоғары кіріс әкелетін және ең аз тәуекелдері бар активтерді ұсынатын эмитенттерді анықтау қажет.

Анықтама. Бағалы қағаздар нарығы — бұл бағалы қағаздарды шығарумен, сатумен және сатып алумен айналысатын қаржы нарығының бір бөлігі.

Эмитент — қаржы активтерін шығаратын ұйым.

Әр түрлі жоспарлы бағалы қағаздарды сатып алу ұсынылады: әр түрлі салаларда жұмыс істейтін компаниялардың акциялары мен облигациялары, әр түрлі валютаны пайдалану. Егер мүмкіндік болса, басқа елдердің қор нарықтарының жұмысына қатысу. Инвестициялардың мұндай әртүрлі жоспарлануы инвестициялық портфельді әртараптандыру деп аталады және инвестициялық тәуекелдерді азайту тәсілі болып табылады.

Портфелді қалыптастырғаннан кейін мамандар әзірлеген бағалау әдістерін пайдалана отырып, салымдардың тиімділігін бағалау қажет.

Сондай-ақ, уақтылы қайта құрылымдау, салымдарды түзету қажеттілігі болып табылады. Қор нарықтарындағы өзгерістер үнемі болып келеді және портфель құрылымын өзгерте отырып, оның табыстылығын арттыруға және тәуекелдерді едәуір азайтуға болады.

Жақсы табыстылығы бар инвестициялық портфельді қалыптастыру және салымдардың жалпы тәуекелдерін азайту үшін капиталды инвестициялаудың басты мақсаттарын алдын ала анықтап, инвестициялар үшін бағалы қағаздарды таңдау керек:

Нақты мақсаттар кейде бір-біріне балама болуы мүмкін екенін ескерген жөн, қысқа мерзім ішінде кірістіліктің жоғары деңгейіне ұзақ мерзімді перспективада капиталдың өсу деңгейін төмендету есебінен және инвестициялық тәуекелдер деңгейіне тікелей байланысты болуы мүмкін. Өтімділіктің қажетті деңгейі портфелге табыстылығы жоғары қандай да бір қаржы құралдарын қосуға мүмкіндік бермеуі мүмкін.

Анықтама. Бағалы қағаздардың өтімділігін оларды нарықтық бағамен қысқа мерзімде сату мүмкіндігі деп атайды.

Объектіге байланысты инвестициялар

Мұндай жіктеу инвестицияларды мыналарға бөледі:

  1. Нақты — қаражат жылжымайтын мүлік, бизнес немесе бизнес үлесін сатып алу, құрылыс үшін жер учаскесі, жабдықтар немесе техника және т. б. сияқты материалдық объектілерге салынады.
  2. Алыпсатарлық — құны өскен кезде біраз уақыттан кейін қайта сату үшін активтерді сатып алу.
  3. Қаржы — бағалы қағаздарға және алтын, валюта сияқты басқа да қаржы құралдарына инвестициялау.
  4. Венчурлық — белсенді дамып келе жатқан ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық жаңа жобалар мен стартаптарға капитал салу.

Өсу портфелі

Атаудан өсу портфелін қалыптастырудың мақсаты ұзақ мерзімді перспективада капиталдың барынша ықтимал өсуі болып табылатынын түсінуге болады, бұған активтердің нарықтық құнын арттыру есебінен қол жеткізуге болады.

Назар аударыңыз! Әдетте, өсу портфелін қалыптастыру инвестордың қаржылық орнықтылығының жеткілікті деңгейін талап етеді. Бірақ ұзақ мерзімге инвестициялау кезінде салынған капиталға пайда нормасы қысқа мерзімді салымға қарағанда әрдайым жоғары және инвестор үшін басым өлшем болуы мүмкін.

Портфелдік инвестициялар

Анықтама. Портфелдік инвестициялар — бір инвестор біртұтас ретінде жасаған және басқаратын әртүрлі бағалы қағаздарға, қолданылу мерзімі мен өтімділігіне капитал салу.

Пассивті табыс деп аталатын алу құралдарының бірі бағалы қағаздарға инвестициялау болып табылады. Мұндай акцияға, облигацияларға және басқ. капитал салу түрі кезінде инвестор бағалы қағаздарды шығарған кәсіпорынды басқаруға белсенді қатыспайды және пайыздар немесе дивидендтер түрінде пайда алады. Әсіресе, инвестициялық портфельді немесе бағалы қағаздар портфелін тікелей қалыптастыруға баса назар аудару қажет.

Әдетте, инвесторлардың басым бөлігі инвестициялар портфелі деп аталатын бірнеше қаржы құралдарына қаражат салады.

Портфелдік инвестициялау теориясы

Инвестициялық портфельді қалыптастыру кезінде мүдделі инвесторлар портфелдік инвестициялау теориясына сүйенуі мүмкін. Теорияның негізі кездейсоқ шамаларды қалыпты (Гаусс) заң бойынша бөлу болып табылады, онда кездейсоқ шамаға портфельдің жеке бағалы қағазының табыстылық мәні қабылданады.

Экономистер портфелдік инвестициялау теориясында ықтималдықтарды бөлуді құру үшін екі нұсқаны пайдаланады: субъективті және объективті (тарихи).

Портфелдік инвестициялау теориясын іс жүзінде негізінен өз штатында мамандармен жақсы жабдықталған экономикалық бөлімі мен талдау бөлімдері бар ірі инвестициялық компаниялар пайдалана алады.

Табыс портфелі

Бұған қарағанда, табыс портфелі едәуір қысқа мерзімде, негізінен пайыздар мен дивидендтер есебінен салынған капиталға жоғары деңгейдегі пайда алуға бағытталған. Кейінге қалдырылған кезеңде пайда нормасы ықтималдығы жоғары болса да, айтарлықтай жоғары болуы мүмкін.

Инвестициялық тәуекелдер деңгейі бойынша портфельдер үш топқа бөлінеді.

Закладка Постоянная ссылка.
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (1 оценок, среднее: 4,00 из 5)
Загрузка...

Комментарии запрещены.