Жаңа технологиялар заманында адам капиталын қалай дамыту қажет? АХҚО тәжірибесі | informburo.kz

​адами капитал

Адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы да ХХІ ғасырдың білім мен интеллект ғасыры болатындығын әлдеқашан айқындап қойған. Яғни, біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекетіміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, қоғамымыздың болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтын болады.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі өскелең экономиканың ерекшелігі кәсіп­орын­дардағы жоғары адами капиталға тәуелділігінде болып отыр. Мәселен, қазіргі таңда компанияның құнын бағалай­тын мамандар ең алдымен, кәсіпорын қызметкерлерінің адами капиталының әлеуетіне басымдық береді. Олардың зерттеулері бойынша, компанияның рыноктық құнының 75 пайызы оның қызметкерлерінің білімі мен интеллектісіне тәуелді екен.

«Адами капитал» терминін алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарында Нобель сыйлығының лауреаты, атақты эко­номист Теодор Шульц қолданысқа ен­гіз­ген болатын. «Адам бойындағы бар­лық қабілет туа бітеді немесе өмірлік дағ­дымен қалыптасады. Әрбір адамның тұқым­дық ерекшеліктеріне байланысты туа біткен қабілеттері болады. Тиісті қар­жы бөлу арқылы дамытылатын адам бо­йын­дағы өмірде жүре қалыптасқан құн­ды қабілеттерді біз «адами капитал» деп атаймыз», дейді Т.Шульц. Бүгінде әлем­нің дамыған мемлекеттерінде адами капи­талға инвестиция салу болашақта мол табыс әкелетін дәстүрлі бизнес жоба ре­тін­де қабылданады. Нобель сыйлы­ғы­ның лау­реаты, экономист Гарри Бек­кер­дің есе­­бін­ше, білімге жұмсалған ин­вес­­тиция бо­ла­­шақ­та орта есеппен жылы­на 12-14 па­­йыз табыс береді екен. Тұрғындар­дың ада­ми капиталын дамыту елдің жал­пы эко­но­микалық өсіміне қол жет­кізуі­н­е әкеледі. Тағы сол Гарри Беккер­дің ай­туын­ша, адами капиталды бір пайыз­ға ға­на арт­­тыру, ІЖӨ-нің жан басына шақ­қан­да­ғы өсімін 3 пайызға дейін арттыратын көрінеді.

Елімізде соңғы жылдары экономиканы әртараптандырудың стратегиялық бағ­дарламалары іс жүзіне асырыла баста­ды. ҮИИД бағдарламасының аясында өңірлерде ғылыми жоғары технологияларға негізделген заманауи өндіріс орындары ашылуда. Ел экономикасында жедел­детіл­­ген технологиялық жаңғыртулар жүр­гізіл­мек. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауының шеңберінде «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасы жүзеге асырылмақ. Ал бұл кешенді мақ­саттар еліміздің адами капиталын да­­мытуға тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен бірге жекеменшік бизнес та­­ра­­пынан да мол қаржы жұмсауды қажет етеді.

Өкінішке қарай, біздің елімізде білікті кадр, интеллектісі жоғары мамандар қалып­­тастыру былай тұрсын, адами капи­тал ұғымына үрке қарап, оған шығын шыға­ру үшін ойлап табылған қажетсіз мәселе ретінде қарау көзқарасы басым. Қазіргі Қазақстан экономикасының тағ­дыры тоғысқан акционерлік қоғамдар мен ЖШС басшылары қарамағындағы қыз­­меткелерінің біліктілігін жетілдіру, ғылыми интеллектуалдық қабілетін көтеру мәселелеріне жеке қалтасынан қаржы шығаратындай қиналып, немқұрайдылық танытады. Еліміздегі адами капиталды дамытуға деген мұндай көзқарас менедж­мент мәдениетінің төмендігін ғана көрсе­тіп қоймайды, сонымен бірге бизнес жүр­­гізу­­дегі стратегиялық қателіктерге ұрындырады.

Читайте также:  Валовые и чистые инвестиции, формула расчета и их структура

Мемлекеттің адами капиталының әле­уеті, интеллектуалды болашағының бас­­­ты көрсеткіші – сапалы білім, сындарлы ғы­л­ым. Жоғары оқу орындар жүйесі – қазақ­стан­­дық білікті кадрларды қалып­тасты­ратын және еліміздің интел­лектуал­ды әлеуетін да­мы­татын орта. Бұл жүйе қан­ша­лықты тиім­ді жұмыс істейтін болса, ел эконо­микасы­ның дамуы да соншалықты нәтижелі бол­мақ. Қазіргі күні Қазақстанда 131 жоғары оқу орны бар. Онда 350 мыңға тарта адам білім алса, оның 330 мыңнан астамы бакалаврлар екен. Ал ел экономикасы үшін осыншама бакалаврлар қажет пе? Жоғарыда аталған ЖОО-лардың барлығы дерлік заңгер, экономист, қаржыгер сияқты мамандықтар бойынша мамандар даярлайды. Қазақстан экономикасында бұл мамандықтар бойынша бос орындар жоқ. Мәселен, жыл сайын ЖОО-лар 27 пайыз эко­номистер даярлайды екен. Еліміздің ең­бек рыногында әртүрлі экономикалық ма­ман­дықтар бойынша жұмыс істейтіндер са­ны 13 пайыздан аспайды. Сонда құр дип­лом алу үшін 4-5 жыл оқыған эконо­мис­тер, заң­герлер, қаржыгерлер жұмыс­сыз­дар қа­тарын толықтырады. Сонда мұн­дай ЖОО-лар кімге қажет? Онсыз да Қазақ­стан ЖОО-лар саны жағынан әрбір мил­лион тұр­­ғын­ға шаққанда, Ұлыбритания, Гер­ма­ния, Жапо­ния сияқты елдерді әлдеқашан басып озған.

Экономикалық әлеуеті жоғары дамыған елдерде мектеп бітірушілердің 80 пайызға жуығы кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшы маман­дығын игеруге ден қояды екен. Біз­дің де бұл мәселеде бетбұрыс жасайтын кезі­міз келді. Қазірдің өзінде елімізде тех­ни­к­а­лық орта кәсіптік оқу орындарын бітір­ген маман жұмысшыларды қажет ете­тін 20 мың жұмыс орны бос тұрған көрі­не­ді. Сондықтан экономикамыздың қоз­ғау­шы күші болып табылатын жастар тех­ни­калық білікті жұмысшы кадрларын даяр­лай­тын оқу орындарына көптеп баруы керек.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Be a star, be a trainer, hr сamp және be a pro

Атаулары ағылшынша болғанымен, бұлардың бәрі – отандық кадрды дамытуға арналған ұлттық бағдарламалар. Мәселен, Be a Star – студенттерге арналған жоба, оның міндеті – АХҚО экожүйесіне қажет студенттерді ақылы тағылымдамаға жинау болып табылады.

Алты айға созылған оқу шарасының аясында студенттер тегін білім алып қана қоймай, АХҚО серіктестері тарапынан жұмысқа ұсыныстар да алған. Егер Үздіксіз кәсіби даму бюросы бұл жобаны алғаш қаржылық орталықтың экожүйесі аясында жүргізсе, енді сыртқы нарыққа да шығарып отыр. Бюро өкілінің айтуынша, қазірдің өзінде жобаға қызығушылық танытып отырғандар көп.

Be a Star студенттерге арналса, тәлімгерлерге арналған бағдарлама Be a Trainer деп аталады. Нарықта білікті мамандар көп болғанымен, олардың бәрі кәсіби тәлімгер емес.

“Сол үшін де шетелдік мамандарды арнайы шақырып, отандық тәлімгерлер сегментін дамытуға кірістік”, – дейді Әсия Кәрібай.

Читайте также:  Выгодные вклады Москва: максимальные процентные ставки по депозитам в 2019 году

Үздіксіз кәсіби даму бюросының үшінші жобасы – HR Сamp.Бюро бұл бағыттағы оқу форматын да АХҚО экожүйесінде тәжірибеден өткізіп, енді нарыққа шығарғалы отыр. Төртінші Be a Pro жобасы аясында білім саласында тәжірибесі бар мамандар бір алаңға жиналып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Жастар үшін бұл – жаңа білім алуға өте жақсы мүмкіндік.

Бюро түлектері президенттік жастар кадрлық резервіне енді

Айта кетейік, Үздіксіз кәсіби даму бюросында үш жылда 2,7 мыңнан астам маман өз біліктіліктерін жетілдірген. Алғашында оқуға жеке азаматтар көбірек ынта танытқан болса, кейінгі екі жылда студенттердің 40 пайызын корпоративтік сектор құраған.

Бұл ретте Үздіксіз кәсіби даму бюросында біліктілігін арттырған АХҚО-ның екі қызметкері – Ренат Бектұров пен Ернұр Рысмағамбетовтың Президенттік жастар кадрлық резервіне енгені және ең жоғарғы көрсеткіштерді иеленіп, бірінші және екінші орындарды алғанын да атап өткен жөн. Жалпы, Президенттік жастар кадрлық резервіне енген АХҚО қызметкерлерінің саны – 8.

Бір қызығы, оқуға келетін жастардың арасында “Болашақ” бағдарламасының түлектері де бар. Олар бір жағынан CFA стандарттарымен таныс болса, екінші жағынан ағылшын тілін жетік меңгерген. Одан бөлек, шетелде алған білімін елде қолдана алмай, халықаралық сертификаттау көмегіне жүгінетіндері де бар.

Ағылшын тіліне акцент беруіміздің жөні бар, өйткені, Үздіксіз кәсіби даму бюросында оқу шараларының басым бөлігі ағылшын тілінде жүреді. Өйткені, халықаралық емтихандар да ағылшын тілінде тапсырылады.

“Сондықтан, білім алуға ниет танытушыларға алдымен ағылшын тілін меңгеруге кеңес берер едім. Бұл, ең алдымен, мамандардың өздері үшін қажет, – дейді Бюроның Карьера орталығының жетекшісі Әсия Кәрібай. – Өйткені, біз ұсынатын гранттар тек ағылшын тілінде жүргізілетін бағдарламаларға тиесілі”.

Әрине, нарықта ресми орыс тілінде де білім беретін жеке ұйымдар да жетерлік. Алайда олардың құны 7-8 есе қымбатқа түсетінін ескерген жөн.

Бюро тұрақты түрде жүргізетін дайындық курстары туралы толық ақпаратты өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтындажариялап отырады. Еркін, қолжетімді, әрі түсінікті.

Инвестиционные продукты

Компания играет по крупному и предлагает самые широкие возможности для трейдеров.

  1. Индексные фонды
  2. Облигации
  3. Фьючерсы
  4. Управляемые портфели
  5. Основные направления:
  6. торговля криптовалютой
  7. торговля акциями и контрактами
  8. торговля индексами
  9. форекс
  10. сырьевыми товарами

Для работы предлагается платформа Adamant Capitals, которая доступна на всех видах устройства и работает в режиме реального времени.

Кәсіби даму үздіксіздікті талап етеді

Үздіксіз кәсіби даму бюросы 2020 жылы ғана өз жұмысын бастады. Бюроның Карьера орталығының жетекшісі Әсия Кәрібайдың айтуынша, “Астана” халықаралық қаржы орталығының әрбір органы оның толыққанды жүйелі жұмыс жүргізуіне үлес қосады. Айталық, Astana International Exchange биржасы тікелей инвестиция жасауға мүмкіндік берсе, AIFC Law Pro Bono кеңсесі – АХҚО юрисдикциясы аясында туындайтын заңнамалық кеңес беруге жұмыс істейді.

Читайте также:  Коронавирус спровоцировал новый инвестиционный спад / Экономика / Независимая газета

Бұдан бөлек, қаржылық орталық құрамында заңнамалық база, Экспат орталығы мен сот та бар. Бұл органдар жұмысы туралы біз бұған дейін жазсақ, енді Үздіксіз кәсіби даму бюросының жұмысына кеңірек тоқталғалы отырмыз. Себебі, бюро басты стратегиялық міндет – адам капиталын дамытумен айналысады.

“Біздің мақсатымыз – тек АХҚО экожүйесінде ғана емес, жалпы қаржы нарығында қызмет ететін жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру, – дейді Бюроның Карьера орталығының жетекшісі Әсия Кәрібай. – Сол үшін біз мамандарды оқытудың өзіндік бағдарламаларын әзірлейміз. Әрбір бағдарлама мамандардың қаржылық және инвестициялық сауатын арттыруға бағытталады”.

Бюро, бұдан бөлек, АХҚО қызмет бағыттары бойынша мамандарды оқыту үшін өзіндік tailor-made бағдарламаларын әзірлеп, кәсіби шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Үздіксіз кәсіби даму бюросы жалпы АХҚО қызметі секілді өз жұмысын халықаралық стандарттарға сай жүргізеді. Бюро жұмысының бірнеше бағыты болса, оның ішіндегі ең негізгісі – халықаралық сертификаттау емтихандарына дайындау бағдарламасы болып табылады. Олардың жалпы саны – 11. Тиісінше, ең қымбаты да осылар.

Бюро өкілінің айтуынша, үш деңгейден тұратын CFA емтихандарына дайындалу үшін шамамен 800 мың теңгеге шығындалуға тура келеді. Арзан емес. Сол үшін де АХҚО CFA сертификатына үміткерлерге арналған гранттар қарастырған. Бұл гранттың өтеуі – емтихан тапсырып, сертификатты сәтті алған мамандар Бюрода сабақ беруі қажет.

Оқи отырыңыз: “Астана” халықаралық қаржы орталығы: бизнеске, қарапайым халыққа және экономикаға әсері қандай?

Предложения adamant capital

  • Предлагает пять видов счетов:
  • Обучение – начальный капитал 50 долларов
  • Начинающий – начальный капитал 250 долларов
  • Трейдер – начальный капитал 5000 долларов
  • Инвестор – начальный капитал 25 000 долларов
  • Вип – начальный капитал 50 000 долларов

Чем выше инвестиции, тем больше плюсов имеет трейдер. Например, у первого плана, при вложении 50 долларов, отсутствует страхование вклада, а вип вкладчик имеет массу плюсов: неограниченная поддержка, отсутствие спредов и комиссий, наличие финансового консультанта и прочее.

Самое смешное в другом!

Международная компания, вот только ориентирована только на Россию, потому что статистика посещаемости элементарно показала, что сюда заходят только граждане России.Для кого тогда предназначены переводы на английский и арабский, видимо только для отвода глаз.

Выводы

Доверия компания Adamant Capitals не вызывает, здесь слишком много минусов, много сомнительных моментов, потому сложно решиться доверить брокеру хотя бы начальные 50 долларов.

Оцените статью